Павлодар педагогикалық университеті мемлекеттік тіл жөніндегі маман іздейді
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Мемлекеттік тіл жөніндегі маман қызметіне жоғары және кәсіби орта білімі (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ филологиясы, аударма ісі) бар;
- Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамаған, соттылығы жоқ немесе болмаған тұлға тағайындалады.
Функциялары
- мемлекеттік тілдегі ППУ құжаттарын әдеби тіл нормалары мен толық мағынаны сақтай отырып редакциялайды;
- құрылымдық бөлімшелер мамандарына мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету және т.б.
- мемлекеттік тілдегі құжаттарды редакциялайды;
- басшылық бұйрықтарының, қызметтік хаттарының мәтіндерін орыс тілінен мемлекеттік тілге уақытылы және сапалы өңдейді.
- мемлекеттік тілдегі құжаттарды тексереді.
Түйіндемені (резюме) мына электрондық поштаға жіберуге болады: kense@ppu.edu.kz немесе +77774608375 (Жанар Сериковна), 651602 телефон нөміріне хабарласыңыз. Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, құжат айналымы және бақылау бөлімі, 112-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін