Мы в Instagram
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ағымдағы жылдың 20 қарашасында әртүрлі мәселелер бойынша 1-курс студенттерімен кезекті кездесуін өткізді. Кездесу барысында академиялық мәселелер, академиялық ұтқырлық, академиялық адалдықты сақтау, сессияға дайындық, практика, курсера туралы толығырақ айтылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ студенттер өздерін қызықтыратын түрлі сұрақтар бойынша жауап алды. Жоғары мектеп деканы оқу  жылында атқарлыған шаралар, оқу үлгерімі және жаңа жетістіктер легімен таныстырды. Шет тілі білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Абдимуталов Анармат академиялық ұтқырлық және “Work and travel” бағдарламасы бойынша өз тиімді тәжірибесімен және алған әсерімен бөлісті.
🔹 Саған үміт артып отырған жандар бар екенін ұмытпа! 

Біз сені мақтан тұтамыз! Сенің қолыңнан келеді! 😉
В нашем университете прошла городская олимпиада среди студенческой молодежи «Туризм, алға!»

Основная цель Олимпиады – формирование активного профессионального подхода к развитию туризма, мобилизация интеллектуального потенциала молодежи и раскрытие их творческих способностей в данной сфере.

Конкурс состоял из трех конкурсных этапов:
🔹 Представление команды
🔹 Конкурс туристских проектов «Туристский потенциал Павлодарской области»
🔹 Творческий конкурс «Туристский калейдоскоп».

Наш университет представили команды «Geogigabyte» и «Меридиан», состоящая из студентов ОП “География”. Одна из команд успешно заняла 🥉 третье место, продемонстрировав высокий уровень подготовки и профессионализма.
Поздравляем участников и благодарим их за достойное представление нашего университета!

Мероприятие организовано совместно с ГУ «Управление спорта и физической культуры Павлодарской области».
ТАШКЕНТТЕН КЕЛГЕН ПРОФЕССОРЛАР МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ӨТКІЗЕДІ 
Марғұлан университетіне Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің (Өзбекстан) өкілдері келді. Олар 2024 жылғы 18-29 қараша аралығында дәріс өткізеді.
Ташкенттен университетінен шет тілдері факультетінің деканы, PhD докторы, профессор А.М.Мамадалиев және доцент, тарих ғылымдарының докторы А.Т. Сабиров келді. Олар осында екі апта болып, “Тарих” және “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламаларының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына дәрістер мен семинарлар өткізетін болады. Студенттер сондай-ақ, шеберлік сыныптары мен тренингтерге қатыса алады. Бағдарлама тек академиялық сабақтарды ғана емес, сонымен қатар практикалық іс-шараларды да қамтиды, онда біздің қонақтарымыз Марғұлан университетінің оқытушылар құрамымен өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөліседі. 
Университет басқарма төрағасының міндетін атқарушы-ректоры Жанбол Жилбаев Ташкенттен келген профессорлармен кездесіп, оларды университетпен таныстырып, ынтымақтастық жобалардың болағшағын талқылады. Кездесу барысында қонақтар гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қызметімен танысты. Жоғары мектеп деканы А.Е.Кәрімова мектептің құрылымы, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. “Шет тілі: екі шет тілі” және “Тарих” білім беру бағдарламаларының жетекшілері А.С.Жолдабаева мен К.К.Қанафин қонақтарды оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен және біздің университетте енгізіліп жатқан инновациялармен таныстырды.
🥰Фраза «Вы когда-нибудь мечтали стать лучшей версией себя?» становиться трендом в соц. сетях! 

❤️Кстати, а вы подписаны на наш TikTok ?
МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін Марғұлан университетінде «Білім берудегі АКТ: жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «Педагогикалық шеберлік орталығы» директорының орынбасары Толқын Айдосова, Қосымша кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Зейнолдина, ПШО Петропавл қаласындағы филиалының менеджері Алексей Деревянкин сынды білікті мамандар өткізді. 
Педагогикалық шеберлік орталығының мамандарын алдымен Марғұлан университеті басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Жанбол Жилбаев қабылдап, университет жетістіктерімен, қолға алған жобаларымен таныстырды.
- Біз Назарбаев зияткерлік мектебімен серіктес ретінде бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Педагогикалық шеберлік орталығы республика бойынша  51 университетпен тікелей жұмыс істеп, мұғалімдердің шеберлігін арттыруда. Соның ішінен Марғұлан университетін таңдап, семинар өткізуге ұсыныс жасады.Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік және сенім. Сондықтан, бұл семинар біздің оқытушылар үшін тиімді болады деп санаймын, - деді Жанбол Жилбаев.
«Педагогикалық шеберлік орталығы» директорының орынбасары Толқын Айдосованың айтуынша, педагогикалық қайта даярлау курстары 5 мамандық бойынша жұмыс істейді. Бұл Марғұлан университетінде ұйымдастырылған екінші семинар. Сабақтың мақсаты – білім беру саласындағы жасанды интеллект мүмкіндіктерімен таныстыру, білім беру практикасына жасанды интеллект құралдарын тиімді және қауіпсіз интеграциялау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Прокрутить вверх